Ақмола облысының Шортанды ауданындағы негізгі орта мектептердің бірі өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, тілсіз жау 6 шаршы метр алаңды шарпыған.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жануды жойып, өрттің бүкіл ғимараттың таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.