Ақмола облысында мектеп автобусы оқушыны қағып кетті

19 Ақпан 2025, 23:50
341
Бөлісу:
Ақмола облысында мектеп автобусы оқушыны қағып кетті
Фото: архив

Ақмола облысында 9 жастағы оқушыны мектеп автобусы қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған іске қатысты тексеру жүріп жатыр.

Қайғылы оқиға 19 ақпан күні Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылындағы ІТ мектебінің аумағында болған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мектеп автобусының жүргізушісі кәмелетке толмаған 2015 жылғы оқушыны қағып кеткен.

Оқушы оқиға орнында көз жұмды. Полиция бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлады ведомство.

Ақмола облысының білім басқармасы қыздың отбасына көңіл айтты.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Қазіргі уақытта жедел әрекет ету мақсатында Целиноград аудандық білім бөлімінің мамандарынан құрылған жұмыс тобы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті шараларды атқарып жатыр. Оқушының отбасына қажетті психологиялық көмек көрсетіледі, – деп мәлімдеді басқармадан.

Өзгелердің жаңалығы