Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 3-4 наурыз аралығында Ақмола облысының Аршалы ауданында 2022 жылғы су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем – 2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізіледі, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы оқу-жаттығу жаппай су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу бойынша, оның ішінде:
- елді мекендерден қарды және ғимараттар мен құрылыстардың шатырларынан, сондай-ақ үй маңындағы учаскелерден, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұзды шығару бойынша;
- арықтарды, арналарды, автомобиль және теміржол көпірлерінің су өткізу құрылыстарын тазалау және сең жүру мен тасқын суларды өткізуге дайындау бойынша;
- қорғаныс бөгеттерін, бөгеттер мен үйінді құрылыстарын;
- зардап шеккен халықты Уақытша орналастыру орындарының (эвакуациялық пункттердің) дайындығын тексеру жоспарланған.
Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау күштері мен құралдарын төтенше жағдайларды жою жөніндегі шешімдерді әзірлікке және қабылдауға келтіру жөніндегі теориялық және практикалық іс-қимылдар пысықталатын болады.
Қабылданған алдын алу шаралары ағымдағы жылдың көктемгі кезеңінде тасқын судың салдарын барынша азайтуға және келтірілген залалды азайтуға мүмкіндік береді.