Ақмола облысында киіктерді аулау жұмыстары басталды

16 Қазан 2023, 06:33
652
Бөлісу:
Ақмола облысында киіктерді аулау жұмыстары басталды

Жануарларды ұстау қиын болғандықтан, инспекторлар бір аптаның ішінде бар-жоғы екі ақбөкенді ұстаған, деп хабарлайды BAQ.KZ 31-арнаға сілтеме жасап.

Киік аулау жұмыстары егістікті таптап жатыр деген диқандардың шағымынан кейін басталған. Киіктерді ұстаумен "Охотзоопром" айналысып жатыр. Оларды атуға болмайтындықтан, мамандар алдымен торға қамап ұстап, артынша сояды. Ал етін комбинатқа тапсырады.

Киіктің бір ұшасы үшін ет өңдеу кәсіпорындары 4211 теңге төлейді. Мүйіздері "Охотзоопром" мемлекеттік кәсіпорнының қоймасында сақталады. Ақбөкендерді аулау жұмыстары Батыс Қазақстан мен Атырау облысында да жүріп жатыр. Бұл аймақтарда жүзге жуық киік ұсталыпты.

Ақбөкендерді арнайы тормен аулаймыз. Оның ұзындығы екі шақырымға дейін жетеді. "Охотзоопром" қызметкерлері киіктерді жан-жағынан қуып, торға қамау керек. Сонда да қатты жылдамдықпен жүгіретін оларды ұстау оңай болмай отыр. Сондықтан біздің қызметкерлер де көмекке барады, – деді Ақмола облысы орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі аймақтық инспекция басшысының орынбасары Арман Тұрымбаев.

Өзгелердің жаңалығы