Ақмола облысында гараж өртке оранды

Ақмола облысы Атбасар қаласы Матросова көшесінде гараждың өрттенуі орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақмола облыстық ТЖД 13 Мамыр 2024 2024, 07:14
13 Мамыр 2024 2024, 07:14
680
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Ақмола облысы Атбасар қаласы Матросова көшесінде гараждың өрттенуі орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ТЖД мәліметіне сәйкес, 24 шаршы метр алаңды өрт шарпыған.

Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 8 құтқарушы және 2 бірлік техникасы жөнелтілді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің таралуы жол бермеді.

Өрт сағат 21.51-де оқшауланып, өрт сағат 22.13-те толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Наверх