Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақмола облысында гараж өртенді

22 Шілде 2024, 08:14
646
Бөлісу:
 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақмола облысы Аршалы ауданында өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жеке гаражда өрт орын алған.

Аршалы ауданы Константиновка ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында 30 шаршы метр алаңда гаражда өрт болды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өрт сөндірушілердің күшімен жану толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.
 

Өзгелердің жаңалығы