Оқыс оқиға Ақмола облысының Атбасар ауданында тіркелді. Мас ер адам осы жолмен екі банкоматқа залал келтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атбасар аудандық ПБ-ға банктік қызмет көрсету орталықтарының бірінің басшысынан арыз келіп түсті. Белгісіз адамның қаржы ұйымына тиесілі екі банкоматқа зақым келтіргені хабарланды.
Шығын көлемі – 2,7 млн теңге.
Қылмыскердің барлық әрекеттері банктің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қылмысқа қатысы бар адам анықталды. Қазір істің басқа да мән- жайлары анықталып жатыр. ҚР ҚК 202-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген полиция хабарламасында.