Ақмола облысында дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

16 Ақпан 2024, 01:06
629
Бөлісу:
Ақмола облысында дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Қатты аязға байланысты Ақмола облысында полиция қызметкерлері күшейтілген режимге ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Температураның -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағыттарында дизель отынымен жұмыс істейтін іштен жанатын қозғалтқышы бар көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді. Инспекторлар автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетуге бағытталды.

Басшылық адамдарды тасымалдаумен айналысатын компанияларға мұндай ауа-райында қозғалу қауіпті екенін ескеруді тапсырды.

Қыста қала маңындағы автомобиль жолына шықпас бұрын, маршрутты алдын-ала жоспарлау қажет. Сондай-ақ, жүргізушілерден ауа-райы қолайлы болғанға дейін алыс аймақтарға шығуды шектеуді сұраймыз, - деп атап өтті облыстық ПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Аслан Қызбикенов.

Өзгелердің жаңалығы