Ақмола облысында дамбы бұзылды: Су тасқынын жол бөгеп тұр

Қорғалжын ауданында бөгет бұзылды.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 10:38
Бүгiн 2026, 10:38
239
Фото: видеодан скриншот

Қорғалжын ауданында дамбының жарылуына байланысты су тасқыны егістік алқаптарын басып, «Астана — Қорғалжын» автожолына дейін жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы бұл жағдайға байланысты жауап берді.

Қорғалжын ауданында бөгет бұзылды. Су алқаптарға жайылып, тура «Астана - Қорғалжын» тас жолына тірелді. Қазіргі таңда бұл жол - су тасқыны мен Сабынды ауылының арасындағы жалғыз шекара болып тұр. Егер жолды су шайып кетсе, тасқын әрі қарай жайылар еді. Бірақ жол шыдас беріп тұр. Көлік қозғалысы ашық, жол жабыны бүтін. Су өткізу құбыры үздіксіз жұмыс істеп, суды сыртқа бұрып, жол бойына жиналуына жол бермей жатыр, - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі. 

Компанияның мәліметінше, @qazavtojol.kz соңғы екі жылда су басу қаупі бар учаскелер санын 284-тен 184-ке дейін азайтты. Олардың ұзындығы үш есеге жуық - 206 шақырымнан 83 шақырымға дейін қысқарды. 

Тек өткен жылдың өзінде 500-ден астам құбыр орнатылды, биыл тағы қосылады. Автожол желісі өте ауқымды - 25 мың шақырым. Көктем мезгілі бұл инфрақұрылым үшін әрқашан үлкен сынақ. Су тасқыны, температураның құбылуы, жолға түсетін қысым - мұның бәрі оңай емес. Кейде бұрын қауіп болмаған жерлерде жаңа тәуекелдер пайда болып жатады, - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның қай өңірінде су тасқыны қаупі әлі де жоғары екені хабарланған. 

Наверх