Ақмола облысында азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

16 Ақпан 2022, 15:27
1957
Бөлісу:
Ақмола облысында азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде Президент тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар аясында азық-түлік бағасына бақылу күшейтілді. 

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында мәлім болды.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм облыстық басқармасының басшысы Ербол Оспановтың мәліметінше, облыста әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің 12-і өндіріледі. Қалған тауарлар республиканың басқа өңірлерінен және жақын шетел елдерден жеткізіледі. Дәл осы позициялар бойынша бағаны реттеу қиынға соғады. Мысалы, жыл басынан бері көкөністер қымбаттады, ал Қырғызстаннан тасымалданатын ақ қырыққабат бағасы үштен бірге өсті.

Облыста бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нанның құнына қатысты жағдай көпшілікті алаңдатып отыр. Әлеуметтік нанды қазір бірде-бір кәсіпорын пісірмейді. Өткен жылы «Ақсай-нан» кәсіпорны дүкен сөрелеріне арзандатылған нан жеткізіп, шығынға жұмыс істеді. Әлеуметтік нан Ауыл шаруашылығы министрлігінің азық-түлік корпорациясымен меморандумы негізінде сатылымға оралуы мүмкін. Ұн шығаратын кәсіпорындар бидайды тоннасына 90 мың теңгеден алады. Наубайханалар үшін 1 келі ұн 110 теңгеге шығады, нанның түпкілікті бағасы бір бөлке үшін 90 теңгеден аспауы тиіс. «Kokshe» ӘКК арқылы нан пісіретін кәсіпорындарын несиелендіру үшін «айналым схемасын» қолдану нұсқасы қарастырылуда. Алматыда »Ақсай-нан» зауыты осындай принцип бойынша жұмыс істейді. Жергілікті филиал әзірге қызығушылық танытпай отыр, – дейді Ербол Оспанов.

Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Болат Жұпыновтың пікірінше, қабылданып жатқан шаралар тұрақты жұмыс істеуі тиіс.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін тиімді шешімдер іздеу керек. Мемлекеттік органдар бөлшек сауда желілерінде шекті сауда үстемесін орнату бағаны ұзақ және айтарлықтай ұстап тұра алмайтынын мойындайды. Алдымен көтерме сауда желісінде баға реттелуі тиіс, – дейді Болат Жұпынов.

Өңірде көптеген позициялар бойынша азық-түлік қоры үнемі толықтырылып отырады. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Олжас Кәкеновтың айтуынша, азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 15%-дан онға дейін төмендету туралы 22 монополияға қарсы шарт жасалды. 

Кәсіпкерлерге алыпсатарлықтың кез келген әрекеті үшін жауапкершілік туралы ескертілді. Нан өндірушілерге қатысты үш тергеу аяқталды, олардың біреуі бойынша сот шешімі бар. Кәсіпорын ірі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларының біріне қатысты тергеу жүріп жатыр. Өткен жылы ақмолалық құс фабрикаларының монополияға қарсы заңнаманы бұзуға қатысты бес факті анықталды. Жеткізушілердің бірі сату бағасын төмендетті. Қазіргі уақытта бірінші санаттағы тауық жұмыртқасының бағасы құс фабрикаларында бір дана үшін 26-дан 31 теңге аралықта. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 100 теңгеге арзан, - деп түсіндірді Олжас Кәкенов. 

Оның хабарлауынша, төтенше жағдай кезінде елде тәулік бойы жедел желі іске қосылған. Департаменттің атына 80-ге жуық өтініш келіп түсті, олардың басым көпшілігі азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты болып отыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маркетинг бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марал Алпысбаеваның мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы артты. 

Мемлекеттік бағдарламалар аясында жергілікті азық-түлік өндірісінің көлемі артып, импорт қысқаруда. Жергілікті өндірушілерге барлығы 1,6 млрд теңге жеңілдікті қарыз берілді, олар азық-түліктің тоғыз түрін төмендетілген бағамен жеткізуге міндеттенді. Ауыл шаруашылығы саласына көбірек инвестиция тартылды, 2020 жылмен салыстырғанда астық пен картоп өндірісі ұлғайды. Сондай-ақ сүт, ет өңдеу көрсеткіші де айтарлықтай, – деп нақтылады Марал Алпысбаева.

Өзгелердің жаңалығы