Ақмола облысында әйел екі баласымен жоғалып кетті

24 Желтоқсан 2023, 22:18
1078
Бөлісу:
Ақмола облысында әйел екі баласымен жоғалып кетті

Ақмола облысында тәртіп сақшылары екі кішкентай баласымен жоғалған әйелді іздестіріп жатыр. Оның үлкен қызы полицияға арыз жазған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 21 желтоқсанда сағат 23.52-де Бестөбе ауылының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан 1981 жылы туған анасы Альфия Нуретдинова мен оның екі кішкентай баласын табуға көмек сұраған хабарлама келіп түскен. Балалар 2022 және 2023 жылдары туған. Үлкен қызының айтуынша, бірнеше сағат бұрын оның анасы мен сіңлілері достарының үйінен шыққан, бірақ үйлеріне оралмаған, жол бойы әйелмен байланыс үзілген.

Қазіргі таңда Бестөбе және Степногор қалалық ІІБ жеке құрамы із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге жұмылдырылған. Бұған волонтерлер де қосылып, бағдарлар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылды. Әлфия Нұретдинова жоғалған кезде қара көк күрте, бордо шалбар және ақ аяқкиім киген.

Бір қызы қызғылт күрте, алқызыл туфли, алқызыл орамал, басында қызғылт кепка киген. Тағы бір қыз құлағы бар сұр комбинезон және сұр қалпақ киген.

Полицейлер Нұретдинова мен оның балаларының жүрген жері туралы ақпарат білетін кез келген адамнан дереу ішкі істер органдарына 102 нөміріне хабарлауын сұрайды, - деп жазды Ақмола облысының Полиция департаментінен.

Өзгелердің жаңалығы