Степногорск қаласының Ақсу кентінде жеке тұрғын үйдің ауласында гараж және жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өртті шаруашылық құрылысқа таралуына жол берілмеді.
Өрт 24 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Өрт туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
Оқи отырыңыз: