Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақмола облысында 500 гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

19 Сәуір 2025, 23:16
575
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Ақмола облысы прокуратурасының шаралары арқылы заңсыз берілген жер учаскесі қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шортанды ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізеді.

Тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жер заңнамасын бұза отырып, 461 га жайылымдық жерді жеке меншікке бергені анықталды, – деп жазылған хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде нарықтық құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Өзгелердің жаңалығы