Ақмола облысында 39,3 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Бүгiн, 13:26
143
Бөлісу:
Ақмола облысында 39,3 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды
PHOTO
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ауыл шаруашылығы мақсатындағы 39,3 мың гектар жерді ұзақ уақыт пайдаланбағаны үшін ЖШС-нен мәжбүрлеп алып қою туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру нәтижесінде Ерейментау ауданының Селеті, Ақсуат және Қойтас ауылдық округтерінде орналасқан 4 747 гектар егістік пен 34 425 гектар жайылымдық жер нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды. Жер иесіне заңбұзушылықтарды жою үшін бір жыл уақыт берілгенімен, ол талаптарды орындамаған.

Ақмола облысында 39,3 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Сот Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаментінің талабын қанағаттандырып, апелляциялық инстанция бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. Енді бұл жерлер тиімді пайдаланушыларға беріледі, ал олардың мақсатты пайдаланылуы қатаң бақыланатын болады.

Өзгелердің жаңалығы