Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев халықтың әлеуметтік, тұрғын үй, коммуналдық салалар және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі кездесуінде айтылды.
Қала тұрғындары арасында ең өзекті мәселелердің бірі тұрғын үймен қамтамасыз ету болды. Әрбір жағдай тұрғын үй заңнамасы шеңберінде жеке қаралды.
Айта кетейік, өңірде жалпы ауданы 114,8 мың шаршы метр 35 көппәтерлі тұрғын үйді, оның ішінде 41,5 мың шаршы метрге 12 жалға берілетін үйді іске қосу жоспарланған.
Коммуналдық салада тұрғындар Сарыарқа және Центральный шағын аудандарындағы көшелердегі жолдарды жөндеу, газдандыруды қамтамасыз ету, абаттандыру сұрауларымен жүгінді. Көкшетау әкімдігіне әрбір мәселені егжей-тегжейлі зерделеп, қысқа мерзімде орындау тапсырылды.