Ақмола облысында 33 лауазымды тұлға сапасыз жол үшін жауапкершілікке тартылды

5 Тамыз 2022, 05:26
1019
Бөлісу:
Ақмола облысында 33 лауазымды тұлға сапасыз жол үшін жауапкершілікке тартылды

Жолдың дұрыс ұсталмауы қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы облыстық әкімшілік полиция басқармасы мәлімдеді. Құзырлы орган өкілдері шілде айының 19-ынан бері 200-ден астам жолға мониторинг жүргізіп, барлығынан кемшілік анықтаған. 

Жауапты коммуналдық мекемелерге ескерту жасап, жолды салған және арнайы жол белгілерін орнатқан ұйым өкілдерінің әрқайсысына 31 мың 800 теңгеден айыппұл салды. Ал, жиі кездесетін заңбұзушылықтар: жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жерлерге жол белгілерін қоймау және теміржол өткелдерінде арнайы белгілердің жоқтығы, - дейді полицейлер.

Облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ержан Қошқарбаевтың айтуынша, жолдың дұрыс ұсталмауы қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін.

Сондай жағдайлардың алдын алу үшін біз аталған тексерістерді жүйелі түрде жүргізіп отырамыз. Біздің араласуымызбен рейд басталған 16 күннің ішінде қауіпті жол бөліктеріне 174 жол белгісі қойылды. Ал, жолға мал шығуы мүмкін деген елді мекендердің тұсына ірі қараның 19 макеті орнатылды, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы