Ақмола облысында орта жолда сынып қалған автобустан 31 шетелдік құтқарылды. Оның екеуі – бала, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Қытымыр аязда жолда қалғандар Тәжікстан азаматтары болып шықты. Қазір олар Көкшетау қаласындағы жылыту пунктіне жеткізілді.
Жалпы өткен тәулікте құтқарушылар 311 рет шығып, 147 адамды, оның ішінде 13 баланы эвакуациялады. Мамандар бұл күндері қажеттілік болмаса, далаға шықпай үйде отыруға кеңес береді.
Қазір еліміздің құтқару, коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ал егер жолда қалып қойсаңыз, құтқару қызметінің «112» номеріне хабарласуға болады.