Ақмола облысы Сандықтау ауданында 80 адам өзін-өзі эвакуациялады

16 Сәуір 2024, 06:23
283
Бөлісу:
Ақмола облысы Сандықтау ауданында 80 адам өзін-өзі эвакуациялады
Фото: видеодан кадр

Ақмола облысына қарасты Сандықтау ауданында 80 адам өзін-өзі эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Сарқырама өзенінің төгілуіне байланысты Сандықтау ауданы Каменка ауылынан алдын ала 80 адам өзін-өзі эвакуациялады. Барлық адамдар туыстарында орналасты, - делінген хабарламада.

Құтқарушылар 100-ден астам малды эвакуациялады.

Жергілікті атқарушы органдар және ТЖ күштерімен өзен деңгейін бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы