Ақмола мен Қарағанды облыстарында жол жабылды

Кеше, 22:15
163
Бөлісу:
Ақмола мен Қарағанды облыстарында жол жабылды
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыс аумағындағы жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді.

6 ақпан сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты екі республикалық жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, - деп атап өтті компаниядан.

Ақмола облысы:

  • "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Ақмола облысының шекарасына дейін).

Қарағанды облысы:

  • "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) және 1505-1610 шақырымы аралығындағы (Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) учаскесі.

Жолды 7 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы