Бұл туралы "Қазавтожол" Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 23 қантарда сағат 10:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы ашылады:
Ақмола облысы: - "Астана-Ерейментау-Шидерты" автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы-Павлодар облысы шекарасы);
Павлодар облысы: - "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы-Шідерті) - "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" автожолының 1135-1367 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы - Атамекен ауылы);
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Оқи отырыңыз: