Ақмола мен Атырау облыстарында өрттен 2 адам қайтыс болды

19 Ақпан 2024, 22:45
581
Бөлісу:
Ақмола мен Атырау облыстарында өрттен 2 адам қайтыс болды
Фото: Артём Чурсинов -архив

Ақмола және Атырау облыстарында өрт салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

19 ақпанда Атырау қаласының "Жерұйық" шағын ауданындағы екі қабатты жеке тұрғын үйде 25 шаршы метр аумақта өрт болған.

Өрт сөндірушілер барлау жұмыстары кезінде 1954 жылы туған ер адамның денесін тапты. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде өрттің басқа бөлмелерге таралуының алдын алуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ 19 ақпанда Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Бауманское ауылында екі пәтерлі жеке тұрғын үйдің пәтерінде 80 шаршы метр аумақта өрт болды. Өрт орнында үйінділерді тазалау кезінде 1970 жылғы азаматтың мәйіті табылды. Өрттердің шығу себептері анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ азаматтарды жылыту маусымында тұрғын үйлер мен күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы