Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды

6 Ақпан 2024, 18:34
1248
Бөлісу:
Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды,- делінген хабарламада.

Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы

Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Туған күні: 16.02.1971

Туған жері: ҚазКСР; Қызылорда қ.

Отбасылық жағдайы, туыстық байланыстары: Тұрмыста

Балалары: үшеу

Тілдері: Қазақ, орыс

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

  • Алматы мемлекеттік медицина институты (1994)
  • «Педиатрия» мамандығы»
  • Қорқытау Университеті (2006)
  • «Экономист» мамандығы Экономика бакалавры
  • Қазақстанда да, шетелде де қосымша оқудан өтті
  • Ұйымдастырушы-жоғары санатты гигиенист, жоғары санатты дәрігер-педиатр

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

  • Медицина ғылымдарының докторы (2010)

Еңбек өтілі:

  • Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері;
  • Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999);
  • Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001);
  • Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003);
  • Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004);
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007);
  • Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013);
  • Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (02.2013-12.2014);
  • Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (12.2014-11.2015);
  • Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (11.2015-04.2019);
  • «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-06.2020)

Сайланбалы қызметтері, депутаттық:

  • Облыстық мәслихаттың IV және V шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік сала және мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияны басқарды;
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Кандидат (06.2020);

Партияға қатыстылығы:

  • «Аманат» партиясының мүшесі (2007 жылдан бастап)

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  • «Парасат» ордені;
  • «Құрмет» ордені;
  • Медалдері: «Шапағат», «Астанаға - 10 жыл»;
  • «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
  • «Nur Otan» партиясы Қызылорда филиалы төрағасының Алғыс хаты (06.2020)
Өзгелердің жаңалығы