Ақберен Елгезек: Кітап жәрмеңкесі – кітап оқу мәдениетін қалыптастыратын бірден-бір формат

12 Сәуір 2022, 14:23
2185
Бөлісу:
Ақберен Елгезек: Кітап жәрмеңкесі – кітап оқу мәдениетін қалыптастыратын бірден-бір формат
PHOTO
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елгезек Eurasin Book Fair-2022 халықаралық кітап жәрмеңкесінің қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Былтыр бір ғана Алматы қаласының өзінде ғана 130-дан астам көркем әдебиет кітаптары шықты.  Eurasin Book Fair-2022 көрмесіне соларды әкеліп қоямыз. Жалпы мұндай көрмелер не үшін ұйымдастырылады? Ең әуелі, оқырман қауымға қазіргі кітап шығару саласында қандай жаңалық барын таныту, жаңадан шыққан кітаптарды таныстыру. Екіншіден, баспагерлер арасында тәжірибе алмасу, - деп атап өтті Ақберен Елгезек. 

Ол елдегі Жазушылар одағы көркем әдебиет насихатталатын кез келген шараның басы-қасынан табылады деп отыр. 

Cондай-ақ кітап жәрмеңкесі – кітап оқу мәдениетін қалыптастыратын бірден-бір формат. Мысалы, әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, Лондон кітап жәрмеңкесі, Франкфурт кітап жәрмеңкелері өткізіледі. Оның бәрі не үшін өтеді? Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруды алға қояды, - деді белгілі ақын. 

Еске сала кетейік, елордада «Eurasin Book Fair-2022» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. 20-24 сәуір аралығында ЕХРО халықаралық көрме орталығына жоспарланған ауқымды шараның түндігі биыл бесінші рет түрілгелі отыр. 

Өзгелердің жаңалығы