Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақ жол» партиясы құрылтай өтетін күнді белгіледі. Бұл шешімді Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық Кеңесінің пленумы қабылдады.
Оқи отырыңыз:
Бұған дейін «ақжолдықтар» Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын президенттік сайлау жөніндегі бастамасын қолдаған болатын.
Жарғыға сәйкес, партияның сайлауға қатысуы және президенттік сайлауға үміткерлерді ұсыну туралы шешімді тек жоғарғы орган – съезд қабылдайды.
Осыған байланысты, Орталық кеңестің пленумы съездің өтетін күнін ағымдағы жылғы 24 сәуірге белгіледі. Сондай-ақ, делегаттар өкілдіктерінің нормасын бекітіп, ұйымдастыру мәселелері бойынша бірқатар қаулы қабылдады.
Қазіргі таңда «Ақ жол» партиясының атынан президенттік сайлауға түсетін үміткерге қатысты ұсынымдарды талқылау жүріп жатыр.