«Ақ жол» партиясы Астана су арнасының жұмысшыларымен кездесті

20 Ақпан 2023, 10:19
1361
Бөлісу:
«Ақ жол» партиясы Астана су арнасының жұмысшыларымен кездесті
PHOTO
Фото: автордан

Экс-депутат Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Астана су арнасының жұмысшыларымен кездесу өткізді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі. 

Іс-шараға 60-қа жуық адам қатысты.

Перуашев елімізге түбегейлі өзгерістер қажет екенін айтты. Сонымен қатар «Ақ жол» демократиялық партиясының алға қойған 6 бағытын таныстырды.

«Ақ жол» партиясы Астана су арнасының жұмысшыларымен кездесті

Ол ең әуелі ауылдан қалаға жұмыс іздеп келген жастардың мәселесін шешу керегін алға тартты.

Мен ауылдан қалаға келген жастарға әлеуметтік уақытша баспана салуды ұсынған болатынмын. Біздің партияның зерттеу ақпаратына сәйкес, жастар 300 мыңнан жарты миллионға дейін ауылдардан қалаға ағылып жатыр, - деді партия басшысы. 

Азат Перуашевтің сөзінше, қаңтар оқиғасының басты себебінің бірі де жастардың баспана мен жұмыс таппауынан туындаған. 

«Ақ жол» партиясы Астана су арнасының жұмысшыларымен кездесті

Біздің елімізде сайлау біткен соң депутаттарды жамандау басталады. Халық көп үміт күтеді. Бірақ мәселе жеке тұлғаларда емес. Мәселе біздің жүйемізде жатыр, - деп аяқтады сөзін ол.  

Өзгелердің жаңалығы