Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақ үй Украина мен Ресей арасындағы Абу-Дабидегі келіссөздерді тарихи деп атады

Бүгiн, 07:16
115
Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Абу-Дабиде өткен Украинаға қатысты келіссөздер тарихи маңызға ие болды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөздер үдерісіне белсенді түрде араласып отыр және кеңесшілерінен, атап айтқанда Джаред Кушнер мен арнайы өкіл Стивен Уиткоффтан келіссөздердің барысы туралы тұрақты түрде ақпарат алып отырған.

Өткен демалыс күндері бұл келіссөздер аясында көпжақты кездесу өтті. Ол бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланбағанымен, тарихи мәнге ие болды. Себебі президенттің командасы осы қақтығыстың екі тарапын бір келіссөз үстеліне жинап, бейбітшілікке жақындауға мүмкіндік алды, — деді Каролин Левитт брифинг барысында.

Мәскеу, Киев және Вашингтон делегацияларының екі күнге созылған бейбіт келіссөздері 24 қаңтарда Абу-Дабиде аяқталды. Кездесулер жабық форматта өткен.

Украина президенті Владимир Зеленский бұл кездесуді конструктивті деп атап, келіссөздердің осы аптада Біріккен Араб Әмірліктерінде жалғасуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, тараптар негізінен соғысты аяқтаудың ықтимал параметрлерін талқылаған.

Бұған дейін Кремль өкілі Дмитрий Песков Мәскеудің маңызды талаптарының бірі ретінде Украина қарулы күштерінің Донбасс аумағынан шығуын атаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы