Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсеткеніне қатысты түсініктеме берді

Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

АҚШ президенті Дональд Трамп Мичигандағы Ford зауытын аралау кезінде жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсеткен және оған бейәдеп сөз айтқан. Ақ үй Трамптың осы әрекетіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Washington Post-қа сілтеме жасап.

Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Ақ үй басшысы екі рет бейәдеп сөз айтып, алдымен сұқ саусағын, одан кейін ортаңғы саусағын шошайтқан.

Бейнежазбадан президенттің әрекетіне дейін көпшіліктің ішінен біреудің «педофилдердің қорғаушысы» деп айқайлағанын естуге болады. Бұл Джеффри Эпштейн ісіне байланысты сынға меңзеу болған.

Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Чунг жазбаның шынайылығын растап, мемлекет басшысының реакциясын орынды деп атады.

Бір кісі ашу мен қорқынышқа беріліп, бейәдеп сөздер айтып, айғайлады. Ал президент тиісті әрі нақты жауап берді, – деді Чунг.

40 жастағы зауыт қызметкері Ти Джей Сабула бейәдеп сөзді айтып, айқайлағанын мойындады. Трампқа айғайлаған ер адам тексеру аяқталғанша уақытша жұмысынан шеттетілген.

Мен еш нәрсеге өкінбеймін, – деді Сабула.

Джеффри Эпштейн – кәмелетке толмағандарды сексуалды түрде пайдалануға және адам саудасына қатысы бар деп айыпталған қаржыгер. Ол 2019 жылы Нью-Йорк түрмесінде сотқа дейін өзін-өзі өлтірген.

2024 жылғы сайлауалды науқан кезінде Трамп бірнеше рет «Эпштейн файлдарын» жариялайты туралы уәде берген.

Алайда екінші мерзімінің алғашқы айларында ол кері пікір білдірген.

Дегенмен, 2025 жылғы қарашада Дональд Трамп Джеффри Эпштейн ісі бойынша федералдық тергеу материалдарын жариялауға міндеттейтін заңға қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы