Испания билігі АҚШ президенті Дональд Трамптың Мадридпен сауда қатынастарын үзу қаупі туралы мәлімдемесінен кейін американдық әскерлерге қолдау көрсетуге келісті. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт журналистерге арналған тұрақты брифингте мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Испанияға келетін болсақ, олар кеше Президенттің мәлімдемесін анық естіді деп ойлаймын және менің түсінуімше, олар бірнеше сағат бұрын АҚШ әскери күштерімен ынтымақтасуға келісті, - деді баспасөз хатшысы.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Мадридтің әскери шығындарды ЖІӨ-нің 5%-на жеткізуге келіспейтінін еске салып, барлық сауда қатынастарын тоқтатуға дайын екенін айтқан.
Сонымен қатар, АҚШ әскери күштері Испаниядағы базаларды Иранға қарсы операцияларда пайдалана алады деп мәлімдеген. Бұл мәлімдемелер Испанияның АҚШ пен Израильдің Ирандағы әскери әрекеттерімен келіспейтінін көрсеткен.