Қазақстанның 17 облысында бүгін, 8 тамызда дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» мәліметінше, елдің бірқатар өңірінде аптап ыстық, қатты жел, найзағай, бұршақ, тұман және шаңды дауыл күтіледі.
Абай облысында түнде және таңертең солтүстікте аздаған жаңбыр мен найзағай болжанады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары. Күндіз оңтүстікте ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі.
Маңғыстау облысында күндіз +38...+42°C-қа дейін қатты ыстық болады. Өңірдің солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында өрт қаупі жоғары.
Қарағанды облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Шығыс пен оңтүстікте төтенше, батыс пен солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз ауа температурасы +35...+37°C болады. Жезқазғанда +35°C ыстық күтіледі. Облыс орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік пен шығыста жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең тұман болады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз +35...+37°C ыстық болады. Қонаевта ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі. Өңірдің батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында күндіз +35...+38°C ыстық болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірдің батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде +36...+38°C ыстық күтіледі.
Жетісу облысында таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай болады. Жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Күндіз +35...+36°C ыстық болады. Талдықорғанда да ауа температурасы +35...+36°C-қа жетеді.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Өңірдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +40...+41°C-қа дейін көтеріледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Батыста төтенше, орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай болжанады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Күндіз +38°C ыстық болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы +40°C-қа дейін көтеріледі. Қызылорда қаласында да +40°C ыстық және төтенше өрт қаупі болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең оңтүстікте тұман түседі. Күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда да желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз +35...+38°C ыстық күтіледі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда ауа температурасы +35...+36°C болады.
Павлодар облысында түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің орталығында, соның ішінде Павлодар қаласында өрт қаупі жоғары.
Атырау облысының оңтүстігінде күндіз +40...+41°C ыстық болады. Атырау қаласында ауа температурасы +40...+42°C-қа дейін көтеріледі.
«Қазгидромет» тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң орындауға шақырады.