Аптап ыстық. 6 облыста ескерту жарияланды

22 Тамыз 2021, 20:50
852
Бөлісу:
Аптап ыстық. 6 облыста ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 23 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші облыстың орталығында 15-20 м/с сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 23-25 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының көп бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың орталық және оңтүстік аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 23-24 тамызда облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіпі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы