Апта соңында күн жылиды

28 Қазан 2020, 13:47
2237
Бөлісу:
Апта соңында күн жылиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 29-31 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады. Ауа райы, көбінесе жауын-шашынсыз, тек шығыста, ал аптаның басында - республиканың солтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. 

Осы кезеңде шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жаууы мүмкін. Кей жерде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 

Ауа температурасы керісінше көтеріледі, себебі бүкіл республиканың территориясына Иран аймақтарынан жылы ауа массалары енеді.


Өзгелердің жаңалығы