Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апта сайынғы онлайн брифингінде ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шұғыла Тұрлыбек алдымен елдегі кримоногендік жағдайға тоқтала кетті.
Сөзінше, елімізде апта ішінде 2 270 қылмыс жасалған. Оның 1 338-і тәулік ішінде ашылды.
Полиция қызметкерлері ізін суытпай 10 кісі өлтіру, бір өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 27 тонау және 358 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деп айтты Шұғыла Тұрлыбек.