Apple енді киім шығарады

11 Қаңтар 2019, 09:26
2254
Бөлісу:
Apple енді киім шығарады

Астана, baq.kz. Болашақта Apple компаниясы iPhone-мен үйлесетін ақылды киім шығаруы мүмкін. Желіде патенті жарияланды. Бұл туралы AppleInsider сілтеме жасап "Хабар 24" хабарлайды.

Бүгін жарияланған патенттік өтінімге сәйкес, компания АҚШ-та ерекше матаны тіркеген. Арнайы материалға электродтар және сымдар деректерді жинай алады. Мысалға, маты киім киген адамның жүрек соғысын, қан қысымын, дене температурасын, денсаулығын бақылай алады. Барлық ақпарат смартфонға жолданып отырады.

 

Киім тек өмірлік маңызы бар органдардың белсенділігін бақылап қана қоймай, Apple өнімдерімен өзара әрекет етуді жақсартады. Мысалға, мата музыканы қоса алады. Яғни киім арқылы құлаққапсыз музыка тыңдауға мүмкін болады.

 

 

Өзгелердің жаңалығы