Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Apple Siri-ді жаңартып, ChatGPT-ге бәсекелес жүйе жасауды қолға алды

5 Тамыз 2025, 09:09
755
Бөлісу:
 gazeta.ru
Фото: gazeta.ru

Apple компаниясы дауыс көмекшісі Siri-ді жаңғыртып, жасанды интеллект саласында жаңа қадамдар жасауға кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Apple бұл бағытта Siri әзірлеушілер тобын ауқымды түрде қайта ұйымдастырып, өздерінің ChatGPT баламасын құруды көздеп отыр.

Компанияның ресми сайтында "Answers, Knowledge, and Information" (Жауаптар, Білім және Ақпарат) деп аталатын жаңа топқа АҚШ пен Қытайда ондаған маман қажет екені туралы хабарландырулар жарияланған. Жаңа команда ірі тілдік модельдермен жұмыс істеуге және пайдаланушылардың жеке сұрақтарына нақты жауап бере алатын интеллектуалды жүйені дамытуға бағытталған.

Bloomberg агенттігінің журналисі Марк Гурманның мәліметінше, бұл жоба жай ғана Siri-ді жетілдіру емес, интернет кеңістігінен нақты әрі жылдам жауап бере алатын келесі буынның "жауап беру жүйесін" (answer engine) жасауға бағытталған. 

Сонымен қатар, Apple компаниясы бұл жүйені жеке қосымша ретінде шығаруды да қарастырып отыр. Siri, Spotlight және Safari платформаларымен интеграциялауға арналған серверлік инфрақұрылымды да әзірлеуде.

Apple қазіргі таңда жасанды интеллекттің диалогтық мүмкіндіктерін дамытуға басымдық беруде.

Бұған дейін де Гурман Apple компаниясы Siri-дің өз тілдік моделіне негізделген жаңа нұсқасын әзірлеп жатқанын хабарлаған болатын. Аталған нұсқаның іске қосылуы iOS 27 жүйесімен қатар жүруі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін ChatGPT адамның сөйлеу тіліне әсер ете бастағаны хабарланған. 

Өзгелердің жаңалығы