Apple компаниясы iPhone смартфондарының жұмысын әдейі тежеді деген күдікке ілінді

3 Наурыз 2020, 13:41
2305
Бөлісу:
Apple компаниясы iPhone смартфондарының жұмысын әдейі тежеді деген күдікке ілінді

Алматы, BAQ.KZ. Талап, арызға сәйкес аталған компания ескі телефондардың жұмысын әдейі тежеп, тұтынушыларды жаңа смартфон сатып алуға итермелеген. Бұл туралы Reuters хабарлады.  

Apple компания үстінен ұжымдық арыз жазған смартфон иелеріне 500 миллион доллар айыппұл төлеуге дайын екенін мәлімдеген. Компаниға шағым түсіргендердің көбі iPhone 6, 6s, 7 және SE модельдерін тұтынушылар болып шықты. Сонымен қатар, iOS 11.2 жүйесінде жұмыс істеген iPhone 7 мен 7 Plus құрылғыларын ұстаушылар да бар. 

Тұтынушылардың айтуынша, смартфондарындағы бағдарламалық жасақтама жаңартылғаннан кейін құрылғы баяу жұмыс істейтін болған. 

Компания жәбірленуші тарапқа өтемақы төлеуге дайын екендіктерін айтып отыр, алайда ескі iPhone құрылғысының баяу жұмыс істеуі температураның көтерілуінен немесе құрылғыдағы жүктеменің тым көп болуынан болуы мүмкін деген уәж айтуда. Сондай-ақ, компания жаңартылған ОЖ-да анықталған кемшіліктерді тез арада жоятындарын мәлімдеді.

Apple төлейтін өтемақы көлемі 310 млн доллардан кем емес және 500 миллионнан аспайды. Компания әр тұтынушы үшін 25 доллар көлемінде өтемақы төлеуге дайын. 

1976 жылы негізі қаланған Apple компаниясы iPhone смартфондарын, iPad планшеттерін, iMac компьютерін, MacBook ноутбуктерін және тағы басқа технологияларды өндірумен айналысады.

Өзгелердің жаңалығы