Шахтадағы жарылыс. Апат себебін бұрмалауға немесе жасыруға жол бермейміз – министр

7 Қараша 2021, 17:19
2746
Бөлісу:
Шахтадағы жарылыс. Апат себебін бұрмалауға немесе жасыруға жол бермейміз – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин шахтадағы апатқа қатысты онлайн брифинг өткізді.

Алдымен үкіметтік комиссия атынан төтенше жағдай кезінде жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын. Комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылды. Ол апаттың барлық себеп-салдарын анықтағанша жұмыс істейді. Сондай-ақ қаза тапқан кеншілердің отбасыларына және ем-домды қажет ететіндерге жан-жақты қолдау көрсетіледі, - деді министр.

Ол бүгінгі төтенше жағдай қалай болғанына тоқтала кетті.

Сағат 08.24-те «Абай» шахтасында метан газы жарылды. Оқиға салдарынан 6 адам қаза тауып, 2 адам емханаға ауыр халде жатқызылды. Шахтада барлығы 64 адам болған. Олар дер кезінде жерге шығарылды. Қазір ауаны қалпына келтіру үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. Ертең жағдай тұрақталса тергеу тобының комиссия мүшелері жұмысын бастайды. Барлық тергеу амалы жүргізіледі. Өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп түсіндірді ТЖМ министрі.

Айтуынша, комиссия түрлі ведомстводан құралған. Олардың қатарында ІІМ, ТЖМ, еңбекті қорғау, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және төтенше жағдай болған территориядағы жауапты компания бар.

Бұл төтенше жағдайдың себептерін бұрмалау немесе жасыру фактілері жол бермейтініміз туралы тағы да айтқым келеді. Комиссия себептерді анықтау және біздің елімізде мұндай фактілер орын алмас үшін ұсыныстарды одан әрі әзірлеу үшін қажет болғанша жұмыс істейді, - деп айтты Юрий Ильин онлайн брифингте.

Бүгін сағат 08.30-да Қарағанды облысы «Абай» шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 2 адам ауруханаға ауыр халде түсті.

Сондай-ақ Шахтадағы оқиғаға байланысты Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті сенім телефонын іске қосты.

ТЖМ қайтыс болғандар мен жарақат алған адамдардың тізімін жариялады.

Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы