Апат болған Костенко шахтасында көмір өндіруге тыйым салынды

14 Қаңтар 2024, 14:38
906
Бөлісу:
Апат болған Костенко шахтасында көмір өндіруге тыйым салынды

Костенко атындағы шахтада болған апаттан кейін көмір өндіруге тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ "QARMET" компаниясына сілтеме жасап.

Аталған шахтада болған апаттан кейін Қазақстан "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатты. Ал компанияның атауы "Qarmet" болып өзгертілген еді.

Андрей Лаврентьев пен Вадим Басиннің атынан Qarmet басшылығы жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Алайда трагедияның қайталану ықтималдығы әбден жойылғанға дейін шахтада өндірісті қайта бастауға тыйым салынды, - деп жазылған ресми хабарламада.

Айта кетейік, былтыр 28 қазанда көмір шахтасында жарылыс болып, салдарынан 46 адам қаза тапты. Тағы 28 кенші жарақат алған. Оқиғаның себебін тексеру бойынша құрылған үкімет комиссия трагедияға 100% жұмыс беруші кінәлі деген қорытынды шығарды. Қазіргі кезде 19 адам тартылып жатыр. Шахтаның қазіргі жағдаймен танысу үшін Qarmet тобы апат болған аймаққа жақын 600 метрден астам тереңдікке дейін түсіп, сол маңайдың жай-күйін көзбен көрді.

Кәсіпкер Андрей Лаврентьев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының үлесін сатып алды. Ал Вадим Басин бас директор қызметіне тағайындалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы