Төтенше жағдай айтып келмейді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ақмола обылысындағы су тасқыны болу мүмкін аймақты атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Екі апта бұрын "Жібек жолы" ауылында арнайы отырыс өткіздік. Өйткені ол өңірдегі су басуы мүмкін ең қауіпті аймақ деп есептейміз. Кездесуге Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және екі ведомство өкілі қатысты. Әрине, қала әкімі су тапшылығы бар жердің қоймаларына су көп жиналса дейді, ал біз үшін ол қауіпті. Себебі, жанындағы ауылдарды су басуы мүмкін. Сондықтан мәселені жан-жақты, ғылыми зерттеуге үңіліп жатырмыз. Оның ішінде бұрынғы төтенше жағдайларды қарастырдық. Мәселен, 2017 жылы Жібек жолындағы елді мекендерді су басқан. Қазіргі таңда басқан жерлерде жеке үйлер салынған, - дейді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жүйесіне реформа жүргізілетінін айтқан еді. Арнайы жоба үкімет басшысына 11 наурызға дейін ұсынылмақ.