Әнұран, шашу, көтеріңкі көңіл күй: Астана жұрты LRT-ның іске қосылуын қалай қарсы алды?

Алғашқы жолаушылар жаңа көлік жүйесінің ашылуын ерекше эмоциямен атап өтті.

 Ақорда Бүгiн 2026, 16:54
Бүгiн 2026, 16:54
94
Фото: Ақорда

Астанада көптен күткен LRT жобасы ресми түрде іске қосылып, бұл сәт елорда тұрғындары үшін ерекше оқиғаға айналды. Алғашқы жолаушылардың әсері әлеуметтік желіде қызу талқыланып, желі қолданушылары фото мен видеоларды жарыса жариялап жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан кейбір жолаушылардың ұлттық қазақы киім киіп келгенін көруге болады. Олар жаңа көліктің іске қосылуын ерекше ықыласпен қарсы алып, дәстүр бойынша шашу шашқан.

Одан кейін жолаушылар бәрі бірге Қазақстанның Әнұранын орындап, пойыз ішіндегі атмосфераны тіпті әсерлі ете түсті. Желі қолданушылары мұны «тарихи сәт», «елордадағы жаңа кезеңнің басталуы» деп бағалауда.

Наверх