Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Антикордың экс-басшысы ұсталды

Әсел ӘБІЛБЕК
4 Шілде 2025, 17:05
2733
Бөлісу:
 elmedia
Фото: elmedia

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, қосымша дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді Бас прокуратура хабарламасында.

Талғат Татубаев еңбек жолын ішкі істер органдарында тергеуші ретінде бастаған. Кейін қаржы полициясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарда жоғары лауазымдарды атқарды.

2013 жылдан бастап Президент әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2016–2019 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроны) басқарған. Сондай-ақ Бас прокуратурада қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болған және 2020–2022 жылдары әділет министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.

 

Өзгелердің жаңалығы