Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің жетекшісі Ғанижан Асанұлы Қазақстанның бизнес секторындағы бизнестің адалдығын арттыру" конференциясында айтты.
Елімізде адал және бәсекеге қаблетті бизнесті қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті азайту мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бүгінгі таңда Президенттің тікелей тапсырмасымен Агенттік корпоративтік жемқорлықпен күресті күшейтіп жатыр. Жуырда ғана қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы 5 жылдық тұжырымдамада адал бизнесті қалыптастыру мен бизнеске келтірілетін кедергілерді жоюға бағытталған бастамалар бар, – деді Асанұлы.
Ол атағандай, сыбайлас жемқорлықпен күрес кезінде қоғамның қолдауы аса маңызды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қазір өте жүйелі жүзеге асырылып жатыр. Оған қарсы құрал мен әдістердің саны да артты. Алайда біз жемқорлықтың алдын алу жұмыстарына көңіл бөліп жатырмыз. Саяси жаңғырту процесі жақсарып келе жатыр. Заңнамалық база да жыл санап жетілдіруде, – деді Ғанижан Асанұлы.
Ол атағандай, бүгінде квазимемлекеттік пен жеке сектордың 6 мыңнан субъектісі комплеанс қызметін енгізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметтері бойынша Мемлекеттік басқару академиясы мен "Самұрық-Қазына" корпоративтік университеті семинарлар өткізеді, – деді ол.