Антикор бұрынғы вице-министрге қатысты тергеуді аяқтады

5 Қаңтар 2025, 12:05
395
Бөлісу:
Антикор бұрынғы вице-министрге қатысты тергеуді аяқтады

Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министріне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады.

Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр. Өткен жылдың 13 желтоқсанында Бас прокуратура күдіктілерді сотқа берді, - деп хабарлады Антикор.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы