Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Анталия жағалауында екі метрлік акула туристерді қорқытты

5 Мамыр 2025, 23:21
685
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Акула Түркияның Анталия қаласының Коньяалти ауданында жағаға жақын жерде байқалған. Бұл жағажайға келушілерді шошытты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

TGRT телеарнасының хабарлауынша, Анталиядағы судың температурасы әлі де айтарлықтай төмен және жүзушілер аз. Бірақ жақында жағажайда демалып жатқан бірнеше жергілікті тұрғындар мен туристер екі метрлік акуланы көргенде шошып кетті. Демалушылардың кейбірі оны жағадан қорқыту үшін тас лақтыра бастаған. Сонымен қатар адамдарға суға түспеу ескертілген.

Бұл акулалардың Анталия жағалауында және қаланың батысындағы аймақтарда байқалған бір ғана жағдайы емес. Сарапшылардың пікірінше, бұл акулалар адамға тікелей қауіп төндірмейді. Олардың жылдың осы уақытында Түркияның оңтүстік-батыс суларында пайда болуы аномалия емес, өйткені жануарлар осы аймақта өседі.

Өзгелердің жаңалығы