Анна Данилина Ұлыбританиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҰОК 21 Маусым 2025 2025, 02:25
21 Маусым 2025 2025, 02:25
819
Фото: ҰОК

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жұптық сайыстың ширек финалында Данилина мен жапониялық Эна Сибахара чехиялық Анастасия Децюк пен нидерландтық Бибиана Схофс жұбымен кездесті.

Кездесу екі сетке созылды. Есеп: 7:6 (7:5), 6:3.

Наверх