Анна Данилина Германиядағы жарыстың ширек финалына өтті

23 Маусым 2024, 19:38
236
Бөлісу:
Анна Данилина Германиядағы жарыстың ширек финалына өтті
Фото: olympic.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Анна Данилина Бад-Хомбург (Германия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші қытайлық Сюй Ифаньмен бірге бастапқы кездесуін ресейлік Ирина Хромачева — бразилиялық Ингрид Гамарра-Мартинспен өткізді.

Қазақстандық қытайлық жұп 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында олар 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Ресейлік-бразилиялық дуэт 4 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Анна Данилина — Сюй Ифаньның ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Өзгелердің жаңалығы