Анна Данилина Бад-Хомбургтегі жарыстың жартылай финалына шықты

28 Маусым 2024, 01:50
435
Бөлісу:
Анна Данилина Бад-Хомбургтегі жарыстың жартылай финалына шықты
Фото: BAQ.KZ.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Анна Данилина Бад-Хомбург (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол қытайлық Сюй Ифаньмен бірге ширек финалда ұлыбританиялық Оливия Николлс – франциялық Диан Парримен ойнады.

Қазақстандық-қытайлық жұп 1 сағат 41 минутқа созылған тартысты матчта 7:6 (4), 7:5 есебімен ұтты. Олар 4 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. Николлс – Парри 5 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Анна Данилина – Сюй Ифань финалға шығу үшін тайбэйлік Хао-Чин Чань – ресейлік Вероника Кудерметовамен таласады.

Өзгелердің жаңалығы