Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Анна Данилина Australian Open-2026 финалында жеңіліп қалды

Бүгiн, 13:17
121
Бөлісу:
 Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, Australian Open-2026 турнирінің әйелдер жұптық сынындағы финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Финалда Данилина мен Крунич бельгиялық Элизе Мертенс пен қытайлық Чжан Шуайға қарсы ойнап, екі сетте жеңіліп қалды — 6:7, 4:6. Осылайша, Мертенс пен Шуай чемпион атанды.

Анна Данилинаға келсек, ол кәсіби мансабында «Үлкен дулыға» турнирін бір рет жеңіп алған. Бұл 2023 жылы болған еді: қазақстандық теннисші финляндиялық Харри Хелиёваарамен жұптасып, US Open турнирінің аралас жұптық сынында топ жарған. Жалпы Данилина "Үлкен дулыға" турнирлерінің финалында төрт рет ойнаған.

Ал бүгін, 31 қаңтарда, Australian Open-2026 турнирінде әйелдер арасындағы жекелей сынның финалы өтеді. Онда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 3-орында) белоруссиялық Арина Соболенкоға (WTA рейтингінде 1-орында) қарсы кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы