Анголада ірі алқызыл алмас табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анголаның солтүстік-шығысында салмағы 170 карат болатын алқызыл алмаc табылды, деп хабарлады «Хабар 24».

 28 Шілде 2022, 17:23
28 Шілде 2022, 17:23
1988

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анголаның солтүстік-шығысында салмағы 170 карат болатын алқызыл алмаc табылды, деп хабарлады «Хабар 24». 

Бұл әлемде соңғы 300 жылда кездескен ең ірі алқызыл алмаз болғалы тұр. Асыл тас осы елдегі Луло кенінен алынған. Оның нақты салмағы қырлап, тегістеген соң белгілі болмақ. 

Бұл осы кеніштен табылған салмағы 100 караттан асатын бесінші алмаз. Дәл осы шахтада бұған дейін салмағы 404 карат болатын ірі гауһар тас шыққан болатын.

Наверх