Англияда футболшылар ойын алдында амандаспайтын болды

6 Наурыз 2020, 14:30
1638
Бөлісу:
Англияда футболшылар ойын алдында амандаспайтын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағылшын премьер-лигасында футболшылар ойын алдында қол алысып амандаспайды. Мұндай шешімді коронавирусқа байланысты жарысты ұйымдастырушылар қабылдаған, деп жазады Massaget.kz.

Ойын алдында футболшылар бір қатарға тұрады. Одан кейін қол алыспай тарқасады. Команда капитандары мен төрешілер де әдеттегі бұл рәсімді орындамайды.

Ұйымдастырушылардың жаңа шешімі ауру саябырсып, дәрігерлер рұқсат бергенге дейін күшінде болады. Соңғы деректер бойынша Ұлыбританияда коронавирус дертін жұқтырғандар саны 115-ке жеткен.

Сондай-ақ 5 наурыз күні елде осы вирустан алғашқы адам көз жұмды. Осыған дейін Италияда футбол ойындары жанкүйерсіз өтетіні жайлы шешім қабылданған болатын.

Өзгелердің жаңалығы