Англиялық зейнеткер музыка тыңдағаны үшін түрмеге қамалды

10 Ақпан 2020, 22:42
2506
Бөлісу:
Англиялық зейнеткер музыка тыңдағаны үшін түрмеге қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Англияның Ливерпуль қаласында тұратын зейнеткер классикалық музыканың дауысын қатты шығарып тыңдағаны үшін түрмеге қамалды. Бұл туралы Happymag порталы жазды.

82 жастағы Ян Джордж Трейнер (Ian George Trainer) бірнеше жыл бойы Classic FM радиосының дауысын қатты шығарып тыңдаған. Музыканың қатты дауысынан шаршаған көршісі Томас Майкл Томпсон (Thomas Michael Thompson) полицияға шағымданған.

Зейнеткердің айтуынша, тұмауға қарсы дәрілерді көп ішкендіктен құлағы ауыратын болған. Сондықтан құлаққаппен музыка тыңдай алмайды екен. Содан соң ол музыканы үйдегі колонкалар арқылы тыңдауға көшкен. 

Музыканы өзіме ұнайтын дауыспен тыңдадым, - деп қосты зейнеткер.

Сот Трейнерге қатысты "алты ай бас бостандығынан айыру және 722 фунт стерлинг (350 мың теңгедей - ред.) айыппұл төлеу туралы" шешім шығарды. Сонымен қатар, ол енді 65 децибилден асырып, музыка тыңдай алмайды.
Өзгелердің жаңалығы